ХАҚТЫ СҮЮ МЕН ІЗГІЛІКТІҢ ЖЫРШЫСЫ

Author:

Year-Number: 2022-5
Yayımlanma Tarihi: 2022-06-30 22:09:38.0
Language : Diğer
Konu : Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları
Number of pages: 8-13
Mendeley EndNote Alıntı Yap

Abstract

Сопылық немесе тасаууфб, жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы - сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық - дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Сопылық поэзияның қуат-күші де осында деп білеміз. Хақты жырлау, оның сүйіспеншілігіне бөленудің амалдарын жырлау, содан туындайтын адам бойындағы ізілік қасиеттерді жырлау - сопылық поэзияның басты бағыты, өзіндік даралық қыры. Бүкіл түркі жұртына ортақ Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері осындай қуатқа, тылсым сырға ие. Бүгінгі әңгіменің өзегі - сопылық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі, түрік жұртының кемел ақыны Юнус Эмренің жырлары да осындай өзгеше табиғатымен оқырманын баурап алады. М. Отарбаевтың ақын жырларын қазақ оқырмандарына сөлінен айырмай жеткізуде көп еңбек сіңіргені байқалады. Юнус Эмре өлеңдерін қазақ халқы жылы қабылдап, жан дүниесіне жақын тұтады. Өйткені оның туындыларындағы өрілетін өзекті ой халық санасына Қожа Ахмет Ясауи, Сүйлеймен Бақырғани жырларымен, Абай және тағы басқа ақындардың шығармаларымен бұрыннан да етене туыс болып келеді. Юнус Эмре халықты бүгінге дейін толғандыратын тұнық ойларды өзіндік ақындық әлемімен, сезімсырларымен, жалпақ жұртқа ортақ дүниетанымымен жырға қосады. Оның туындылары Қожа Ахмет Ясауи хикметтері тәрізді өміршең. Себебі адамдық пен зұлымдық, қанағат пен ашкөздік тайталасқан заманда соның шешімі мен кесімін айтады. Бұл мақала Юнус Эмренің өлеңдерінде талқыланған құндылықтарға назар аударады.

Keywords

Abstract

Tasavvuf veya Sûfîzm, İslam’ın mistik yüzü olarak bilinmektedir. Tasavvufun tanımı çeşitli mutasavvıflarca farklı şekillerde yapılmıştır. Bu tanımlardan birine göre tasavvuf, insanın akıl yoluyla erişemediği ilahî hakikatleri ve gayb âlemine ait hakikatleri manevi latifelerle arama yoludur. Hedef, insan-ı kâmil olmaktır. Bir başka deyişle tasavvuf, İslam inanışına göre kişiliği kötü huylardan temizleyip ruhu pak edip olgunluk ve kemale erme yoludur. Gerçeği söylemek, ona âşık olmanın yollarını söylemek, insanda ortaya çıkan erdemleri söylemek ise tasavvuf şiirinin ana yönüdür. Hoca Ahmed Yesevi’nin tüm Türk halklarında ortak olan hikmeti, öyle bir güce ve gizeme sahiptir. Türk halkının büyük şairi olan ve tasavvuf şiirinin en önemli temsilcilerinden biri olan Yunus Emre, şiirlerindeki eşsiz harmoniyle okuyucuyu büyülemektedir. M. Otarbayev, Yunus’un şiirlerini Kazak okuyucularına ulaştırmak için önemli bir iş gerçekleştirmiştir. Yunus Emre'nin şiirleri Kazak halkı tarafından sıcak karşılanmaktadır. Bunun nedeni, eserlerindeki hümanist değerlerin Hoca Ahmed Yesevi, Süleyman Bakırgani, Abay ve diğer şairlerin şiirleriyle ilişkilendirilebilmesidir. Yunus Emre, şiir dünyası, duyguları ve dünya görüşü ile insanların en derin düşüncelerini birleştirmektedir. Eserleri, Hoca Ahmed Yesevi’nin hikmeti kadar diridir. Onun şiirlerindeki ana motifi insanlığın ve kötülüğün, memnuniyet ve açgözlülüğün karşı karşıya gelmesi gibi hususlar oluşturmaktadır. Bu makalede Yunus Emre’nin şiirlerinde ele alınan değerler üzerinde durulacaktır.

Keywords